Тұрғындармен ашық диалог — мемлекеттік қызметтің маңызды қағидаттарының бірі. Себебі әрбір өтініштің артында назар аударуды және нақты шешімді талап ететін өмірлік жағдай тұр.
Бекітілген кестеге сәйкес, Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғали азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдауға Қызылсуат, Ақмол, Қаражар, Талапкер, Қоянды және Қабанбай батыр ауылдарының тұрғындары қатысты.
Тұрғындар көтерген мәселелер күнделікті өмірдің әртүрлі салаларын қамтыды. Атап айтқанда, Қызылсуат ауылындағы зиратты қоршау, ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагог-психологты тұрғын үймен қамтамасыз ету, инвестициялық жоспарларды жүзеге асыру үшін жер учаскесін алу, Талапкердегі балалар алаңын салу және 4-шағынауданға блок-модульді балабақша орналастыру, интернет байланысының сапасы, Қоянды ауылындағы электрмен жабдықтау және Қабанбай батыр ауылындағы жер мәселелері сөз болды.
Әрбір өтініш бойынша азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында түсініктемелер берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер жұмысқа алынды. Жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.
Целиноград ауданының әкіміне жеке қабылдауға жазылу үшін мына телефон нөміріне хабарласуға болады: 8 (71651) 30-509.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1280581?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау