Ташкент қаласында (Өзбекстан) өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Асанхан Төреханды күтіп алу рәсімі өтті.
Жамбылдық спортшыны туған-туыстары, жаттықтырушылары мен жанкүйерлері салтанатты түрде күтіп алды.
7-14 тамыз аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен қыздар, юниорлар мен юниор қыздар арасындағы Азия чемпионаты өтті.
Байрақты бәсекеге Қазақстан құрамасы сапынан 28 спортшы қатысып, ел намысын халықаралық аренада қорғады. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық ауыр атлеттер түрлі дәрежедегі жүлделерге ие болды.
Солардың қатарында Жамбыл облысының спортшысы Асанхан Төрехан да бар. Ол Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болып, өзінің жоғары шеберлігі мен табандылығын көрсетті.
Жамбылдық спортшының бұл жетістігі – өңірдегі ауыр атлетика мектебінің әлеуетін айқын көрсетіп, отандық спорттың халықаралық аренадағы абыройын арттыра түсті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sport/press/news/details/1280165?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау