БАСҚАРМАДА КЕЗЕКТЕН ТЫС ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасында басқарма басшысы Бақыт Бетбаевтың төрағалығымен кезектен тыс жиын өтті. Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, ішкі тәртіп талаптарын орындау және азаматтармен кері байланысты жедел қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп талаптарын және ішкі тәртіп регламенттерін сақтау болды. Осы бағытта әкімшілік, ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Алтынкөп Бейбіт Нұрланұлы баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениеті, қызметтік тәртіпті сақтау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану және әріптестермен өзара қарым-қатынаста әдеп нормаларын ұстанудың маңыздылығына тоқталды.

Баяндама барысында мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін жауапкершілікпен атқаруы, азаматтардың өтініштері мен сұраныстарына заңнама талаптарына сәйкес сапалы әрі уақтылы жауап беруі қажеттігі атап өтілді.

Сонымен қатар, басқарма басшысы Бақыт Бетбаев «алтын сағат» қағидаты аясында тұрғындармен кері байланысты жедел жолға қою мәселесіне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, басқарманың ресми әлеуметтік желідегі парақшаларына азаматтар тарапынан келіп түсетін пікірлер мен сұрақтарға салалық бөлімдердің дер кезінде жауап дайындауы тапсырылды.

Басқарма басшысы азаматтардың әлеуметтік желілер арқылы жолдаған сауалдары мен ұсыныстары назардан тыс қалмауы тиіс екенін атап өтіп, әрбір пікірге жауапкершілікпен қарап, тиісті сала мамандарының жедел әрі нақты ақпарат ұсынуын міндеттеді.

Жиын қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді сапалы орындау, ішкі тәртіп пен қызметтік әдеп талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ азаматтармен ашық әрі тиімді кері байланысты қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-veterinaria/press/news/details/1280194?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version