Бүгін аудан әкімі Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы аудан активі мен әкім аппаратының ұжымына Целиноград ауданының Қорғаныс істері жөніндегі жаңа бөлім басшысы — майор Турабек Алабердыұлы Нуруллаевты таныстырды.
Іс-шараға облыстық Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың басшысы, полковник Марғұлан Әдібекұлы Шагиев те қатысты.
Таныстыру барысында бөлімнің негізгі міндеттері мен басым бағыттары, оның ішінде қорғаныс және әскери есеп саласындағы жүктелген өкілеттіктерді сапалы орындау мәселелері атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1280474?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау