Елордада есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған зияткерлік Quiz ойыны өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Елордада отбасылық және достық командаларды біріктірген командалық зияткерлік “Quiz” ойыны өтті. Іс-шара “Астана – есірткісіз қала!” нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспар аясында ұйымдастырылды.

     Шараның басты ерекшелігі – профилактикалық жұмыстың заманауи әрі интерактивті форматта ұйымдастырылуы. Зияткерлік ойын әртүрлі жастағы азаматтарды бір алаңға жинап, профилактикалық іс-шараларға жастармен қатар отбасыларды, достарды және аға буын өкілдерін де кеңінен тартуға мүмкіндік берді.

     Қатысушылар тарих, ғылым, мәдениет, қоршаған орта және қызықты деректерге қатысты түрлі сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білім деңгейі, эрудициясы мен логикалық ойлау қабілеттерін сынады. Ойынның жекелеген кезеңдері құқықтық сауаттылықты арттыруға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және заңға қайшы әрекеттердің алдын алуға бағытталды.

     Интерактивті әрі қолжетімді формат арқылы қатысушыларға құқық бұзушылықтың салдары, саналы таңдау жасаудың және заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Мұндай тәсіл профилактикалық жұмыстың мазмұнын арттырып қана қоймай, оған қоғамның түрлі әлеуметтік топтарын кеңінен тартуға мүмкіндік береді.

     Отбасылық және командалық формат ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге және бірлесіп танымдық әрі пайдалы уақыт өткізуге ықпал етті.

     Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

     Іс-шара Астана қаласы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша Астана қаласының полиция департаментімен бірлесіп, Астана қаласы білім басқармасының және “Астана жастары” МРС қолдауымен ұйымдастырылды.

     Елордада халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстың заманауи әрі тиімді тәсілдерін дамыту жалғасуда.

     Зияткерлік, спорттық және отбасылық форматтағы іс-шаралар профилактикалық жұмысты халыққа қолжетімді әрі қызықты түрде жүргізуге, сондай-ақ елорда тұрғындарының түрлі санаттарын кеңінен қамтуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1280007?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version