ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ – БАТЫРЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кей адамдардың ғұмыры қысқа болғанымен, артында өшпес із қалады. Солардың бірі – Жамбыл облысының тарихында болған жойқын жарылыс кезінде қызмет жолында қаза тапқан Тараз қаласы №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Арнұр Серікұлы Тимирбулатов. 2016 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет еткен Арнұр әріптестері арасында сабырлы мінезі, ширақ қимылы және іске деген тиянақтылығымен танылды. Ол талай өрттің ортасында жүріп, адам өмірі мен мүлкін қорғау жолында кәсіби шеберлігін таныта білді. Ол соңғы сәтіне дейін таңдаған кәсібінің жауапкершілігін арқалап, ел қауіпсіздігі жолындағы қызметін атқарып кетті. Арнұрдың ғұмыры – ел тыныштығын күзеткен ер азаматтың тағдыры. Оның мен жарқын бейнесі артында қалған қызы мен әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады. Батырдың аты өлмейді… @112jambyl

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1280676?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version