ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ІС-ШАРАСЫН БАСТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іле ауданының аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың жолын кесу және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуына ерекше назар аударады. Атап айтқанда, жол-көлік оқиғалары жиі орын алатын қауіпті учаскелер бақылауға алынып, жылдамдық режимін сақтау, басып озу және маневр жасау талаптарының орындалуы тексеріледі.

Сонымен қатар көлік құралын мас күйінде басқару, қарсы қозғалыс жолағына шығу және жол қозғалысына қауіп төндіретін өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстар күшейтіледі.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік басқару кезінде барынша мұқият әрі жауапты болуға шақырады.

Жолдағы қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік. Әрбір жүргізушінің тәртібі мен жауапкершілігі адам өмірін сақтауға тікелей әсер етеді.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы 10-12 тамыз аралығында өткізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1280711?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version