КЕНТАУДА 300-ГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫҒА МЕКТЕП ҚҰРАЛДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласында жаңа 2026–2027 оқу жылы қарсаңында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтіп, 300-ге жуық оқушыға қажетті оқу құралдары тапсырылды.
Шара барысында қала әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы мен «Әділет» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Басаров мектеп оқушыларымен кездесіп, оларды келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтады.
Игі бастамаға қала кәсіпкерлері мен демеушілері Electrocore ЖШС, ГРК Металлинвест ЖШС, Turan Shenhua ЖШС, АБН Альняс ЖШС, Almaty NS ЖШС, Kentau RedStar ЖШС, Айдар Строй ЖШС, АС Строй ЖШС-рі белсенді қолдау көрсетті. Акция әлеуметтік осал, көпбалалы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып, тамыз айының соңына дейін жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1280117?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version