Кентау қаласында және қалаға қарасты ауылдарда 2026–2027 жаңа оқу жылының басталуына орай жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, оқу орындарының алдына жасанды жол кедергілерін орнату және жаңарту, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелдерін жол таңбаларымен белгілеу жұмыстары атқарылуда.
Аталған жұмыстар оқу жылы басталғанға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, оқушылардың мектепке қауіпсіз қатынауын, сондай-ақ қала тұрғындары мен өзге де жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жол инфрақұрылымын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1280387?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау