Тахтаброд ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндірме әңгіме жүргізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың негізгі талаптары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, лауазымдық міндеттерді орындау кезінде қызметтік әдеп қағидаларын, адалдық, парасаттылық, объективтілік және жауапкершілік принциптерін сақтау, сондай-ақ мүдделер қақтығысына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы орындау және мемлекеттік қызметтің беделін сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-tahtabrod/press/news/details/1280524?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау