«Заң мен Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылы 19 тамызда Әулиекөл аудандық сотында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттілік негізі» тақырыбында семинар өтті.
🔹Іс-шара жұмысына Әулиекөл аудандық сотының төрағасы, сот мамандары, сондай-ақ Әулиекөл ауданаралық аумақтық бөлімінің (МТО) аға сот орындаушысы қатысты.
🔹Жиынның қорытынды бөлімінде қатысушылар сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізу сапасын арттыру және ҚР тіл туралы заңнамасын қатаң сақтау мәселелерін жан-жақты талқылады. Кездесу нәтижесі бойынша сот жүйесіндегі тіл саясатын одан әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсынымдар әзірленді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1280401?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау