Мүгедектігі бар адамдар жеке оңалту бағдарламасына сәйкес шипажайда емделу қызметін Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы өздері таңдай алады.
Шипажайда емделу мемлекет есебінен көрсетіледі. Азамат порталда ұсынылған ұйымдар мен олардың жағдайлары туралы ақпаратпен танысып, өзіне қолайлы шипажайды таңдайды.
Егер таңдалған қызметтің құны мемлекет белгілеген мөлшерден аспаса, емделу тегін жүргізіледі. Ал құны белгіленген сомадан жоғары болған жағдайда, айырмасын азамат өзі төлейді.
2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 76 876 мүгедектігі бар адам шипажайда ем алды. Жалпы 147 809 адам аталған қызметке қажеттілік білдірген.
Шипажайларда мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта мен кедергісіз қозғалыс жағдайлары қамтамасыз етілуі тиіс.
Шипажайда емделу қызметін алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оңалту сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1280102?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау