МҮЛІК САЛЫҒЫ: КІМ ТӨЛЕЙДІ ЖӘНЕ ҚАНША?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мүлік салығын кім төлейді?

Мүлік салығын меншігінде тұрғынжайлар, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, автотұрақ орындары және өзге де құрылыстар мен үй-жайлар бар жеке тұлғалар төлейді.

 Салық сомасы қалай анықталады?
Салық салу мақсаттары үшін айқындалатын мүліктің құны негізге алынады. Салық мөлшерлемесі мүліктің құнына байланысты белгіленеді.

Негізгі мөлшерлемелер:

 2 млн теңгеге дейін — 0,05%;

 2 млн-нан 4 млн теңгеге дейін — 1 000 теңге + 2 млн теңгеден асатын соманың 0,08%;

 4 млн-нан 6 млн теңгеге дейін — 2 600 теңге + 4 млн теңгеден асатын соманың 0,1%.

Мүліктің құны 450 млн теңгеден асқан жағдайда — 2 946 600 теңге + 450 млн теңгеден асатын соманың 2% мөлшерлемесі қолданылады.

 Салықты кім есептейді?

Жеке тұлғалардың мүлік салығын мемлекеттік кірістер органдары есептейді.

 Төлеу мерзімі — есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей.

 Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 597–603-баптары.

Ескерту: нақты салық сомасы объектінің құнына және меншік құқығында болған кезеңіне байланысты есептеледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1280420?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version