Өнеркәсіптік қауіпсіздік: Мұнай базасында оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Гелиос» ЖШС-нің Ақтау қаласындағы филиалында жоспарлы тексеру іс-шараларын жүзеге асырды. Тексеру барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталу деңгейі зерделеніп, №8 тік болат резервуарында орын алған шартты өртті жою бойынша оқу-жаттығу дабылы өткізілді. Бірлік кентінде орналасқан мұнай базасының резервуарлық паркіндегі жаттығу аясында төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмі толық көлемде пысықталды. Төтенше жағдайларды жою жоспарының талаптары қатаң сақталып, шартты өрт сәтті жойылды. Оқу-жаттығу барысында белгіленген барлық міндеттер толықтай орындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1280641?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version