Атырау облысында мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау бағытында мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылуда.
Жыл басынан бері мал шаруашылығы саласына жалпы 662,9 млн теңге субсидия төленді. Оның 539,8 млн теңгесі етті және етті-сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығын дамытуға бағытталды.
Сонымен қатар, сүтті және сүтті-етті ірі қара, қой, жылқы, түйе және етті құс шаруашылықтарына да субсидия беріліп, мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп келеді.
Мемлекеттік қолдау мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін арттыруға және шаруашылықтардың тұрақты дамуына бағытталған. Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-auyl/press/news/details/1280132?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау