Аудан орталығы Шәуілдір ауылындағы №1 жалпы білім беретін мектептің базасында Отырар ауданының білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі аудандық тамыз педагогикалық кеңесі өтті.
Жиынның басты мақсаты өткен 2025–2026 оқу жылында атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасап, жаңа оқу жылындағы алға қойылған міндеттерді айқындау, сондай-ақ адами капиталды дамыту бағытындағы стратегиялық қадамдарды талқылау.
Шараның салтанатты басталуында «Отырар өнер және саз мектебінің» оркестрі күй тартып, келген қонақтар мен ұстаздар қауымын ерекше рухпен қарсы алды. Сонымен қатар, қатысушылар білім беру ұйымдары дайындаған арнайы көрме жұмыстарымен танысты.
Алқалы жиынға Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, аудандық мәслихаттың төрағасы Уалихан Жамалханұлы, ардагер ұстаздар, білім беру мекемелерінің басшылары мен педагогикалық ұжым өкілдері қатысты.
Жиынды ресми түрде ашқан аудан басшылығы мен ардагер ұстаздар қауымы барша педагогикалық ұжымды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ұстаздық мамандықтың қоғамдағы маңызы мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі орнына ерекше тоқталды.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Құдайберген Шербаев өткен оқу жылының қорытындылары мен алдағы кезеңде атқарылатын ауқымды міндеттер туралы негізгі баяндама жасады. Жиын барысында тәжірибелі ардагер ұстаздармен қатар жас педагогтер де сөз алып, білім сапасын арттыру және тәрбие үдерісін жетілдіру бойынша өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Салтанатты шара соңында білім саласында ерекше көзге түскен бірқатар ұстаздар марапатталып, №1 мектеп оқушыларының орындауындағы концерттік нөмірлер мен әсем әндерге ұласты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1280056?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау