Бүгін елімізде Құрылтай сайлауы өтуде. Осыған байланысты Отырар ауданындағы барлық сайлау учаскелерінде таңғы сағат 07:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, дауыс беру үдерісі ресми түрде басталды.
Аудандағы сайлау учаскелерінде дауыс беруді өткізуге қажетті барлық жағдай жасалған. Учаскелер байланыс және техникалық құралдармен қамтамасыз етіліп, сайлау процесі белгіленген талаптарға сәйкес ұйымдастырылуда.
Сайлаудың алғашқы сағаттарынан бастап аудан тұрғындарының белсенділігі байқалуда. Дауыс беруге келген азаматтар қатарында аға буын өкілдері, түрлі сала мамандары, еңбек адамдары мен жастар бар.
Қазіргі таңда барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру үдерісі белгіленген тәртіппен жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1280026?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау