Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов №5 жылу энергоорталығының 2026–2027 жылдардағы жылу маусымына дайындық барысын бақылап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
2026 жылдың шілде айынан бастап кәсіпорынның ғимараттары мен құрылыс нысандарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қала әкімі алдымен су қабылдау құрылғысында атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарын көрді. Сонымен қатар №5 жылу энергоорталығындағы №8 және №11 қазандықтар мен №3 турбоагрегатқа жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу барысын бақылады.
Бүгінде мердігер мекеме тарапынан магистралды жылу құбырларын демонтаждау және қайта монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, Кентау–Хантағы тасжолы бойында диаметрі 630 мм болатын магистралды жылу құбырының 550 метрлік учаскесін демонтаждау және қайта монтаждау жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ Жібек жолы көшесінде жалпы ұзындығы 1 шақырымды құрайтын магистралды жылу құбырларын демонтаждау және монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Жандос Қалмырзаұлы нысандардағы жұмыстардың барысын толық бақылап, жауапты мекемелерге жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Қала әкімі алдағы қысқы маусымда тұрғындарды үздіксіз әрі сапалы жылумен қамтамасыз ету, басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1280111?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау