Қарабұтақта 150 орындық психоневрологиялық орталық ашылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылындағы бұрынғы аурухана ғимаратының негізінде 150 орынға арналған облыстық психоневрологиялық орталық ашу жоспарлануда.

Бүгінде облыс бойынша психоневрологиялық аурулары бар 180-нен астам адам арнайы орталыққа орналастыру кезегінде тұр. Бұған қоса, облыстық психикалық денсаулық орталығы базасында 50 адам стационарлық ем қабылдау кезегін күтуде.

Осыған байланысты Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Уразбаева нысанға барып, ғимараттың техникалық жағдайымен танысты. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жарияланған ашық конкурс қорытындысы бойынша «KDC Construction» ЖШС жеңімпаз атанды.

Жөндеу аяқталғаннан кейін орталықты қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен жоспарлануда.

Жаңа орталықта тәулік бойы медициналық бақылау, психиатриялық және психотерапиялық көмек, әлеуметтік-тұрмыстық және психологиялық қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ азаматтарды еңбекке бейімдеу мен бос уақытын тиімді ұйымдастыруға жағдай жасалады.

Жобаның жүзеге асуы ерекше қажеттілігі бар азаматтардың өмір сапасын жақсартып, отбасыларға түсетін әлеуметтік жүктемені азайтуға және жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1280416?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version