Қарғалы ауданында жол инфрақұрылымы жаңаруда: жаңа тұрғын үй аумақтарына асфальт төселіп жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарғалы ауданында жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Биыл аудан бойынша жалпы 15 шақырымнан астам жолды жөндеу көзделіп, елді мекендердегі негізгі көшелермен қатар, жаңа тұрғын үй аумақтарының жол сапасына да басымдық беріліп жатыр.

Биыл Бадамша ауылында Жеңіс, Ғ.Мүсірепов, Ж.Аймауытов және Б.Майлин көшелері, Шәмші Қалдаяқов ауылында Әбілқайыр хан көшесі және Степной ауылының кіреберісіне асфальт төселді. Жыл соңына дейін тағы 3 көшеге жол салынады.

Аудан әкімі Нұрлыбек Унербаев жұмыс барысын бақылап, жол құрылысындағы негізгі талаптардың сақталуына назар аударды. Атап айтқанда, асфальт жабындысының сапасы, төсеу технологиясының талапқа сай орындалуы және құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзімде аяқталуы бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ жол құрылысы барысында анықталған кемшіліктерді уақытылы жоюды және асфальттау сапасын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-veterinariya/press/news/details/1280284?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version