2026 жылғы 25 тамызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінде “Ашық есік күні” өтті.
Іс-шара барысында өңір тұрғындары денсаулық сақтау және фармацевтикалық қызмет салаларына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша Департамент мамандарына жүгініп, қолданыстағы заңнамаға түсініктемелер, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша консультациялар алды.
Мұндай кездесулер халықпен ашық диалог орнатуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдардың қызметін барынша қолжетімді әрі ашық етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-ulytau/press/news/details/1280064?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау