«Құлан-2026» әскери жиынын өткізу бойынша дайындық жұмыстары пысықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімдігінің жұмылдыру басқармасы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының орынбасары Ермек Абдуллаевтың төрағалығымен «Құлан-2026» әскери жиынын ұйымдастыру және өткізуге дайындық барысын пысықтау бойынша жиын өтті.

Жиынға облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі Н.А. Звягин, Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімшесінің басшысы Б.Н. Ахметов, сондай-ақ 99205 әскери бөлімінің және мамандандырылған базаның қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, «Құлан-2026» әскери жиынын ұйымдастыруға қатысты күштер мен құралдардың тізімі, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қажетті құжаттарды рәсімдеу, жиын өткізу орындарының әзірлігі және жауапты құрылымдардың өзара іс-қимылы талқыланды.

Қорытынды бойынша басқарма басшысының орынбасары жауапты мекемелерге дайындық жұмыстарын жалғастыру және белгіленген міндеттердің сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету бойынша тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1280490?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version