ШҚО-да жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 1,3 мыңнан астам азамат анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО-да жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 1,3 мыңнан астам азамат анықталды

Шығыс Қазақстан облысы — шекаралас өңір, сондықтан бұл аймақта көші-қон қауіпсіздігі мәселелері әрдайым жіті назарды талап етеді. Көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдік азаматтардың болу ережелері мен қабылдаушы тараптардың талаптарын сақтауына жүйелі түрде бақылау жасайды.

Тексеру жұмыстары барысында келу мерзімін бұзу, тиісті құжаттарсыз заңсыз еңбек қызметімен айналысу, сондай-ақ қабылдаушы тараптың міндеттерін орындамау деректері анықталады. Бұл бағытта рейдтер ұйымдастырылып, ақпараттық жүйе мүмкіндіктері қолданылады және басқа да мемлекеттік органдармен тығыз байланыс орнатылған.

Жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 709 шетел азаматы мен 648 Қазақстан Республикасынын азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыстың шекаралас аудандарында 64 шетелдік пен ҚР-ның 95 азаматы тарапынан заңбұзушылықтар тіркелді.

Сонымен қатар, профилактика жұмыстары маңызды бағыттардың бірі болып қала береді. Көші-қон қызметінің мамандары заңбұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен, қабылдаушы тараптармен және тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті: «Көші-қон заңнамасын сақтау — әрбір азаматтың міндеті. Құжаттарды уақтылы рәсімдеу және белгіленген талаптарды орындау өңіріміздегі тәртіп пен қауіпсіздіктің кепілі», — деп еске салады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1280515?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version