ШҚО-да жылыту маусымына дайындық жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аймақта 2026–2027 жылғы жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр. Өңірде 3 ЖЭО, 33 орталықтандырылған және 212 дербес қазандық бар. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы – 1018 шақырым.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте салалық басқарма басшысының орынбасары Самат Даиров мәлімдеді.

25 тамыздағы жағдай бойынша жылу электр орталықтарының қысқы маусымға дайындығының көрсеткіші 88,2 пайыз. Қазандықтардың – 94,9, турбоагрегаттардың 81,5 пайызы жұмысқа әзір.
Өскемен ЖЭО-сы 86,2, Согра ЖЭО-сы 90, Риддер ЖЭО-сы 88,4 пайызға дайын. Жоспарланған 737 шақырым электр желісінің 670 шақырымы күрделі жөндеуден өтті. 49 қосалқы станцияның 43-інде, 91 трансформаторлық қосалқы станцияның 77-сінде жұмыс аяқталды.

Облыстағы 212 дербес қазандықтың барлығы қысқа дайын. 3047 көпқабатты тұрғын үйдің 2733-інде тиісті жұмыс жүргізілген. Бюджеттік мекемелердің дайындығы 100 пайызға жетті. Денсаулық сақтау саласындағы 303, білім беру 522 және әлеуметтік қорғау жүйесіндегі 12 нысан жылыту маусымына әзір.

Сумен жабдықтау және су бұру желілерінің жоспарланған 20,3 шақырымы толық жөнделді. Жылу желілерінің 44,7 шақырымын жаңарту көзделсе, соның 40,2 шақырымында жұмыс аяқталған. Бұл – жоспардың 90 пайызы.

Биыл жөндеу жұмыстарына 28,3 млрд теңге қарастырылған. Оның 15,5 млрд теңгесі жылу желілерін жаңғыртуға бағытталды. Нәтижесінде олардың тозу деңгейі 50,3 пайыздан 46,8 пайызға дейін төмендейді.

Жылу көздерін ретке келтіруге 12,8 млрд теңге бөлінді. Қазір Өскемен, Риддер қалаларында, Глубокое, Алтай, Күршім, Үлкен Нарын және Шемонаиха аудандарында орналасқан бірқатар қазандық пен жылумен жабдықтау нысанында жұмыс жалғасып жатыр.

Дереккөз: ШҚО ӨКҚ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1280551?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version