Шымкент қаласы аумағында 26-31 тамыз аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Аталған іс-шараның мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, азаматтарды зорлық-зомбылық пен басқа да құқыққа қайшы әрекеттерден қорғау.
Шара аясында полиция қызметкерлері халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіп аймағындағы жанұяларды аралап, тұрмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін есепте тұрған тұлғаларды тексереді.
Аталған іс-шара алдын алу шараларын нығайтуға және әр отбасында қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.
Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылықты жасырмауға шақырады. Егер сіз кез келген құқық бұзушылықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1280092?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау