📊 «СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫН БА?» САУАЛНАМАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналардың балаларын мектепке дайындау деңгейін, әлеуметтік және қаржылық қажеттіліктерін анықтау мақсатында «Сіздің балаңыз мектепке дайын ба?» тақырыбында онлайн сауалнама жүргізілді.
Сауалнамаға жалпы 1 454 респондент қатысты.
📌 Сауалнама нәтижесі бойынша:
🔹 Баласының мектепке дайындығын бағалаған ата-аналардың 45%-ы толық дайын екенін, 44,3%-ы негізінен дайын екенін, алайда аздаған қажеттіліктер бар екенін көрсетсе, 10,7%-ы қолдау қажет екенін білдірді.
🔹 «Отбасыңыз әлеуметтік қолдауды қажет ете ме?» деген сұраққа жауап бергендердің 39,6%-ы «иә», 60,4%-ы «жоқ» деп жауап берді.
🔹 Баланы мектепке дайындаудағы қаржылық жағдай бойынша ата-аналардың 52,3%-ы қиындық жоқ екенін көрсетті. Ал 32,9%-ында аздаған қаржылық қиындықтар бар. Сонымен қатар бірқатар отбасылар қажетті заттарды сатып алуда немесе баланы мектепке толық дайындауда көмекке мұқтаж екенін білдірді.
🎒 Қазіргі уақытта ата-аналар тарапынан ең көп сұранысқа ие қажеттіліктер:
мектеп формасы – 20,9%, спорттық киім – 14,6%, оқу құралдары – 11,2%, дәптер, қалам және басқа да кеңсе тауарлары – 8,9%, аяқ киім – 7,8%.
👔 Мектеп формасына қатысты сауалнама нәтижесі бойынша 44,7%-ы толық сатып алған, 21,4%-ы ішінара сатып алған, ал 28,5%-ы әлі сатып алмаған.
👟 Мектепке қажетті аяқ киім бойынша 71,6%-ы бар, 28,4%-ы жоқ деп жауап берді.
📚 Балалардың жаңа оқу жылына жалпы дайындығына қатысты 44,7%-ы толық дайын, 36,8%-ы әлі дайындық үстінде, 12,5%-ы ішінара дайын екенін көрсетті. Қалған отбасылар қажетті заттарды сатып алуға мүмкіндігі жоқ екенін білдірді.
Сауалнама нәтижелері жаңа оқу жылы қарсаңында қолдауды қажет ететін отбасылардың нақты қажеттіліктерін анықтауға және тиісті көмек шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
🤝 Әр баланың мектепке толық дайын болып, жаңа оқу жылын жақсы көңіл күймен бастауы – ортақ міндетіміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1280074?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау