Ағымдағы жылдың 25 тамызында Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты тақырыптық кітап көрмесін өкізді.
Қатысушылар мен оқырмандарға сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет дамуына тигізер кері әсері туралы кеңінен хабардар ету, құқықтық сауаттылық пен мәдениетті арттыру, сондай-ақ бойларына адалдық, парасаттылық пен әділдік қасиеттерін қалыптастыру.
Уақытша ұйымдастырылған көрмеге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, ҚР заңнамалық жинақтары, осы саладағы ғалымдар мен сарапшылардың ғылыми еңбектері, мерзімді басылымдарда жарық көрген сараптамалық мақалалар және ақпараттық-танымдық парақшалар (буклеттер) қойылды.
Іс-шара барысында қатысушылар қоғамда парасаттылық пен жемқорлыққа қарсы төзімділікті қалыптастырудың маңыздылығы талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1280317?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау