Астана, 2026 жылғы 26 тамыз – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде Агенттік Төрағасының орынбасары Әділ Құсмановтың төрағалығымен Ұлыбританияның Сыртқы істер, достастық және даму министрлігінің (FCDO) Орталық Азиядағы даму жөніндегі өңірлік директоры Хейли Шарппен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Салли Аксуорти және Ұлыбританияның Астанадағы Елшілігінің экономисі Бибігүл Жұмағұжина қатысты.
Кездесудің негізгі бағыттарының бірі статистика және деректерді пайдалану саласындағы ынтымақтастық болды. Атап айтқанда, «Экономикалық даму үшін тиімді басқару» (EGED) бағдарламасы аясында Ұлттық статистика бюросының Ұлыбританияның Ұлттық статистика басқармасымен (ONS) өзара іс-қимылы, сондай-ақ FCDO мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен мемлекет қатысатын компанияларды реформалау мәселелері қарастырылды.
Сондай-ақ макроэкономикалық және салық саясаты, экономиканы ырықтандыру, жекешелендіру және мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері талқыланды. Цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға, мамандардың құзыреттерін арттыруға, бірлескен зерттеулержүргізуге және мемлекеттік басқаруда деректерді талдауәдістерін қолдануға ерекше назар аударылды.
Ұлыбритания Үкіметімен және The Behavioural Insights Team компаниясымен бірлескен мінез-құлықтық зерттеулер жүргізу, жасыл энергетика мен гидроэнергетиканы дамыту, су ресурстарын басқару, технологиялар трансфері, инновациялық кәсіпкерлікті, академиялық байланыстарды және адами капиталды дамыту перспективалы бағыттар ретінде айқындалды.
Әділ Құсманов реформаларды жүзеге асыру саласындағы халықаралық тәжірибе алмасуды жалғастырудың және мемлекеттік саясатты қалыптастыру кезінде деректерге негізделген тәсілді қолданудың маңыздылығын атап өтті.
«Біз үшін халықаралық тәжірибені зерделеу ғана емес, оны өз жағдайымызға бейімдеу де маңызды. Деректерменжұмыс істеудің, жасанды интеллектіні қолданудың, мінез-құлықтық зерттеулер жүргізудің, мемлекеттік шешімдердің тиімділігін бағалаудың және адами капиталды дамытудың заманауи тәсілдері ерекше қызығушылық тудырады», – депатап өтті Агенттік Төрағасының орынбасары.
Хейли Шарп Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін және британдық тараптың даму мен реформалар мәселелері бойынша диалогты жалғастыруға мүдделі екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aspr/press/news/details/1280265?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау