Тамыз кеңесі – жаңа оқу жылына жаңа міндеттермен!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Железин ауданында педагог қызметкерлердің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті.

Биылғы конференция «Жаңа халықтық Конституциясының нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбына арналды.

Кездесу барысында өткен оқу жылының қорытындылары сараланып, жаңа оқу жылындағы білім берудің басым бағыттары мен алдағы міндеттер айқындалды. Заманауи білім беру, педагогтің кәсіби дамуы, оқушының әлеуетін ашу және адами капиталды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Конференция аясында білім беру саласына елеулі үлес қосқан педагогтер марапатталып, үздік білім беру ұйымдары атап өтілді. Сонымен қатар, жаңа оқу жылына мектептердің дайындығы бойынша үздік нәтижелер көрсеткен білім беру ұйымдары «Жоғары дайындық мектебі – 2026», «Қауіпсіз мектеп – 2026», «Жайлы мектеп – 2026», «Тиімді шешімдер мектебі – 2026» номинацияларымен марапатталды.

🎓 Тамыз кеңесі – бұл өткенге есеп беріп қана қоймай, болашаққа бағыт белгілейтін кәсіби алаң.

Барша педагогтерді жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!
Жаңа оқу жылы жаңа идеяларға, кәсіби жеңістерге, білімді әрі дарынды шәкірттердің жетістіктеріне толы болсын! 💐

Пусть новый учебный год будет наполнен новыми идеями, профессиональными успехами, достижениями и победами наших талантливых и одаренных учеников! 💐

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhelezin-bilim/press/news/details/1280094?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version