Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков үш шағын ауданда салынып жатқан және пайдалануға берілетін көпқабатты тұрғын үйлерді аралап, құрылыс сапасы мен абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ең алдымен шаһар басшысы Шапағат шағын ауданындағы 2/1, 2/2, 2/3 және 2/4 блоктарынан тұратын төрт көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын көрді. Аралау барысында нысандардағы құрылыс сапасына, сондай-ақ тұрғын үйлердің ішкі әрлеу жұмыстарына ерекше назар аударып, анықталған кемшіліктерді дер кезінде түзетуді тапсырды.

Бұдан кейін қала әкімі Ұлы дала шағын ауданындағы тұрғын үйлердің аумағын аралады. Мұнда құрылыс және абаттандыру жұмыстарының барысы қаралды. Жауапты мердігерлерге жұмыстарды белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ аяқталған тұрғын үйлердің айналасындағы құрылыс қалдықтары мен қоқыстарды тазалау, аумақты ретке келтіру және қараусыз қалған учаскелерді абаттандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аралау барысында Балауса шағын ауданындағы тұрғын үй құрылыстарының жағдайы да тексерілді. Мұнда барлығы 17 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Оның 9-ы бірінші, 8-і екінші учаскеде орналасқан. Қазіргі таңда 7 тұрғын үйдің негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, айналасындағы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қала әкімі жауапты тұлғаларға тұрғын үйлердің құрылысын аяқтаумен қатар, абаттандыру жұмыстарын да сапалы жүргізуді тапсырды. Атап айтқанда, аулаларды ретке келтіру, құрылыс қалдықтарын шығару, жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау және аумақтарды белгіленген талаптарға сай абаттандыру жұмыстары толық орындалуы тиіс.

Жауаптыларға құрылыс және абаттандыру жұмыстарын толық аяқтау үшін 15 қыркүйекке дейін уақыт берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1280160?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version