Түрксіб ауданының тұрғындарын ауладағы эко-акцияға қатысып, сүйікті қаламызды бірге таза етуге шақырамыз.
2026 жылғы 28 тамыз сағ.17:00
Түрксіб ауданы, Ровенский көшесі, 6/3
Бағдарламада:
— аумақты тазалау және қоқыс жинау;
— қалдықтар мен қайта өңделетін шикізатты бөлек жинау;
— еріктілердің, жастардың және аудан тұрғындарының қатысуы;
— «дейін және кейін» форматындағы фото және видео арқылы бірлескен еңбектің нәтижесін көрсету.
Қатысушылар тазалық жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтармен және ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Акцияға аудан тұрғындары, жастар, оқушылар, еріктілер, КСК, ОСИ өкілдері және өз ауласының тазалығына үлес қосқысы келетін барлық тұрғындар шақырылады.
Байланыс нөмірі: +7 747 104 7672
«Таза аула – өзіңнен басталады!»
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1280448?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау