Техникалық оңалту құралы сапасыз болған жағдайда әрекет ету тәртібі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық оңалту құралын (ТОҚ) алған азаматтар кей жағдайда оның сапасына қатысты мәселелерге тап болуы мүмкін. Атап айтқанда, құралдың сынған болуы, сапасының төмендігі, пайдалануға қолайсыздығы немесе тапсырысқа сәйкес келмеуі ықтимал.

Мұндай жағдайда ең алдымен сабыр сақтап, құралды өз бетінше жөндеуге әрекет жасамау қажет.

Бірінші кезекте анықталған ақауды тіркеу маңызды. Ол үшін құралдың кемшіліктерін фото және бейне форматта түсіріп, Әлеуметтік қызметтер порталындағы тапсырысқа қатысты барлық құжаттарды сақтау ұсынылады.

Келесі кезеңде жеткізушіге жүгіну қажет. Өтініште қандай мәселе туындағанын нақты көрсетіп, өз талабыңызды білдірген жөн. Бұл – құралды жөндеу немесе жаңасына ауыстыру болуы мүмкін.

Ең маңызды қадам – шағым беру. Азаматтар мәселе анықталған сәттен бастап 14 күн ішінде Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ресми түрде шағым жолдауы тиіс. Белгіленген мерзімді сақтау өте маңызды.

Шағым тіркелгеннен кейін мәселе уәкілетті комиссияның қарауына жіберіледі. Егер жеткізуші тарапынан бұзушылық анықталса, тиісті шаралар қабылданып, тіпті оны Портал жеткізушілерінің тізімінен шығару мүмкіндігі қарастырылады.

Осылайша, техникалық оңалту құралын алушылар сапалы өнімге толық құқылы. Қандай да бір мәселе туындаған жағдайда заңмен қарастырылған тетіктерді пайдаланып, өз құқықтарыңызды қорғау маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/1280627?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version