ТӨЛЕБИЛІК ҰСТАЗҒА МЕМЛЕКЕТТІК МАРАПАТ ТАБЫСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Республикалық тамыз конференциясында білім саласына елеулі үлес қосқан бірқатар педагогке мемлекеттік наградалар табысталды.
 
Марапатталған ұстаздар қатарында Төлеби аудандық мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі Сәкен Далмырзаев та бар. Білім мен ғылым жолында қажырлы еңбек етіп, шәкірт тәрбиесіне зор үлес қосқан ұстазға «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.
 
Сәкен Далмырзаевтың жетекшілігімен білім алған шәкірттері АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында өткен робототехникадан әлем чемпионатында жүлделі орындарға ие болып, Қазақстанның көк туын көкке көтерді.
 
Бұл – ұстаз еңбегінің, шәкірт ізденісінің және білімге деген құштарлықтың жарқын жемісі. Төлебилік ұстаздың бұл марапаты – ауданымыздағы білім саласы өкілдерінің кәсіби білімі мен тынымсыз еңбегіне берілген жоғары баға.
 
Сәкен Далмырзаевты мемлекеттік марапатымен құттықтай отырып, шәкірт тәрбиесіндегі еңбегіне толағай табыс, шығармашылық ізденіс және биік белестер тілеймін!
 
Ізгі тілекпен,
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1280658?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version