ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ – ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Астана қаласында педагогтердің республикалық тамыз конференциясы аясында «Дене шынықтыру – адами капиталды дамытудың стратегиялық негізі: заманауи тәсілдер, инновациялар және үздік тәжірибелер» тақырыбында секциялық отырыс өтті.
Жиында Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы жарияланып, жалпы командалық есепте Түркістан облысы 735 ұпаймен І орынға ие болды.
Түркістан облысы – 735 ұпай
Алматы қаласы – 646 ұпай
Жамбыл облысы – 641 ұпай
Бұл – өңірде бұқаралық және балалар спортын дамытуға, оқушылардың спорттық әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Жас спортшылардың жоғары көрсеткішке қол жеткізуіне ұстаздар мен жаттықтырушылардың еңбегі, ата-аналардың қолдауы және балалардың табандылығы негіз болды.
Өңірде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға, спорттық инфрақұрылымды жетілдіруге және өскелең ұрпақ үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тұрақты қолдауымен жүзеге асырылуда.
Түркістан облысының құрама командасын, жас спортшыларды, олардың ұстаздары мен жаттықтырушыларын, ата-аналарын айтулы жеңіспен құттықтаймыз!
Жеңіс тұғырынан көрінген өңір спортшыларына жаңа оқу жылында толағай табыс пен жаңа биіктер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1280262?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version