Түркістан облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жолда қалған егде жастағы жүргізуші мен оның жұбайына көмек көрсетті. Оқиға республикалық маңызы бар Шымкент – Самара тасжолының 59-шақырымында болған.
Түркістан бағытынан Алматы бағытына қарай бара жатқан Kia автокөлігінің қозғалтқыш қақпағы түсіп қалған. Жол бойында қызмет атқарып жүрген полицейлер Алмасбек Сериков пен Тимур Шәріп жағдайды байқап, бірден жүргізушіге көмекке барған.
Полицейлер жолға түсіп қалған қозғалтқыш қақпағын тауып, автокөлікке қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жүргізушінің сапарын жалғастыруына мүмкіндік жасады.
Күтпеген жерден көмек көрсеткен тәртіп сақшыларына риза болған ерлі-зайыптылар полицейлерге шынайы алғыстарын білдіріп, ақ баталарын берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1280615?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау