Ұлытау облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Жаңа оқу жылының басталуына орай Ұлытау облысында білім беру ұйымдарының маңындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

     Ұлытау облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мектептер мен балабақшаларға іргелес орналасқан көше-жол желісінің жай-күйіне тексеру жүргізді. Негізгі мақсат – балалардың оқу орындарына қауіпсіз қатынауын қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

     Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде білім беру ұйымдарының маңында: 37 жасанды жол кедір-бұдыры орнатылды; 70 жол белгісі жаңартылып, ауыстырылды; балалар бейнеленген 86 жарық шағылыстыратын макет орнатылды; 86 “Балалар” ақпараттық таблосы қойылды.

     Сонымен қатар тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою мақсатында жауапты мемлекеттік органдарға тиісті нұсқамалар берілді. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдау үшін ақпараттық хаттар да жолданды.

     Полиция қызметкерлері жаңа оқу жылы қарсаңында жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға ерекше мән беріп отыр. Әсіресе мектептер мен балабақшалар орналасқан аумақтарда жүргізушілерден барынша сақтық танытып, жылдамдық режимін сақтап, жаяу жүргіншілерге жол беру талаптарын орындау қажет.

     Құрметті жүргізушілер! Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Жаңа оқу жылының басталуына байланысты жол жүрісі ережелерін қатаң сақтап, мектептер мен балабақшалар маңында ерекше мұқият болыңыздар!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1280254?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version