“Заң және әр – қадам
кепілі»
Мұқан Төлебаев ауылдық мәдениет үйінде мекеме қызметкерлерінің бірлесуімен «Заң және тәртіп» тақырыбын арқау ете отырып, «Діни экстремизмге жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында діннің қоғамдағы орны, рухани құндылықтардың маңызы, діни сауаттылық және діни экстремизмнің алдын алу мәселелері кеңінен сөз болды.
Дін – адамды имандылыққа, ізгілікке, бейбітшілік пен татулыққа үндейтін рухани құндылық. Ал заң мен тәртіпті сақтау – қоғам қауіпсіздігі мен ел тұрақтылығының басты кепілі.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – қызметкерлердің құқықтық және діни сауаттылығын арттыру, теріс діни ағымдардың алдын алу және қоғамда бейбітшілік пен бірлікті нығайту. Заңға құрмет – тәртіптің бастауы, тәртіп бар жерде – қауіпсіз қоғам!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karashygan/press/news/details/1280240?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау