2026 жылғы 29 шілдедегі № 180 бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау үшін (2026 жылғы 24-27 шілде аралығында жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша, жер заңнамасы нормаларының сақталуына және жер учаскесіне құқықтар беруге қатысты) көрсетілген тармақтарға сәйкес төмендегілер туралы хабардар етеміз.
2026 жылғы 26 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімі аппаратының Жер комиссиясы мүшелерінің, мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысының қатысуымен Құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізілді.
Құқықтық жалпы оқыту барысында жер учаскесіне құқық беру тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 және 135-баптарының ережелері, сондай-ақ жер учаскесіне құқық беру туралы өтініштерді қарау және шешімдер қабылдау кезінде заңнамада белгіленген талаптарды сақтау мәселелері қаралды.
Жер комиссиясы қабылдайтын шешімдердің заңдылығын, негізділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жер заңнамасы талаптарының бұзылуына жол бермеуге ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ozo-mamlyut/press/news/details/1280244?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау