Шет ауданына қарасты Нұраталды ауылдық округінің Қошқарбай ауылында «Ауыл құтқарушылары» жобасы аясында еліміз бойынша 244-ші ерікті өртке қарсы құралымның жаңа бекеті пайдалануға берілді.
• Жаңа өрт сөндіру бекеті Нұраталды ауылдық округінің 4 елді мекеніне — Қошқарбай, Ақсу, Қызылқой және Шопа ауылдарына қызмет көрсетеді.
• Нысан 1 500-ден астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаңа бекет заманауи техникамен және өртке қарсы қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Бұл бастама төтенше жағдайлардың алдын алуға, өртке қарсы іс-қимылдарды жедел атқаруға және ауыл халқының қауіпсіздігін арттыруға зор мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1280484?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау