Жаңа оқу жылына дайындық: балалардың қауіпсіздігі басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа оқу жылы қарсаңында Маңғыстау облысының Полиция департаменті балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Іс-шара аясында тамыз айында облыстағы 182 білім беру ұйымының маңындағы жол инфрақұрылымы мен жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары тексерілді. Анықталған кемшіліктер бойынша 71 акт-нұсқама енгізіліп, оның 66-сы орындалды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған 4 ұсыныс жолданды.

Жаңа оқу жылына дайындық барысында 110 білім беру ұйымының маңындағы жол желісі қажетті құралдармен жабдықталды. 496 жол белгісі ауыстырылып, 84 жаяу жүргіншілер өткелі ақ-сары түске жаңартылды. Сондай-ақ 52 учаскеге жасанды жол кедергілері орнатылды.

Ақтау қаласында 3 жаяу жүргіншілер өткелін бағдаршаммен реттеу және тағы 2 өткелді ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Жаңаөзен қаласында 3 өткел лазерлік-проекциялық құрылғылармен жабдықталды. Кендірлі мен Рахат ауылдарында 12 шақырым жол жарықтандырылып, 5,5 шақырым тротуар салынды.

Балаларды қауіпсіз тасымалдау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі күнге дейін оқушыларды тасымалдайтын 35-ке жуық автобус пен автокөліктің техникалық жағдайы тексерілді.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті жүргізушілерді білім беру ұйымдарына жақын аумақтарда белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауға, жол жағдайына мұқият болуға және балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады.

Балалардың жолдағы қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік. Жүргізушілердің сақтығы мен ата-аналардың бақылауы жол-көлік оқиғаларының алдын алудың маңызды кепілі.

https://www.instagram.com/p/DcdqCkEjA-w/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1280411?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version