Жолбарыс батыр ауылдық округіне қарасты Кәлпе ауылында жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қол күресінен спорттық жарыс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жастарға қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау, құқықбұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу, бос уақытты тиімді пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Спорттық сайыс жастардың өзара достық қарым-қатынасын нығайтып, күш-жігерін спортқа бағыттауға мүмкіндік берді.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1 орын – Байжомарт Ерсұлтан
2 орын – Тоқтар Жанарыс
3 орын – Есенбек Есілжан
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Тәртіпті ұрпақ – қауіпсіз қоғамның негізі. Жастарымыз спортты таңдап, құқықбұзушылықтан аулақ болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-zholbarys-batyr/press/news/details/1280643?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау