3 қыркүйекте Қазақстан, Ресей және Беларусь кинематографистерінің бірлескен туындысы – «Жеңіс баласы» әскери-тарихи драмасының тұсаукесері өтеді.
Фильм 1943 жылы Беларусь жерінде болған оқиғаларды баяндайды. Басты кейіпкер – 18 жастағы майдан пошташысы Азамат Досанов. Ол қауіпті тапсырманы орындау барысында нағыз ерліктің не екенін түсінеді.
Басты рөлде – қазақстандық актер Әлихан Нұржауов. Фильм оның үлкен экрандағы дебюті.
Картина жас көрерменге арналып, соғыс жылдарындағы қарапайым адамдардың тағдыры арқылы тарихи жады мен ұрпақтар сабақтастығының маңызын көрсетеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-oskemen/press/news/details/1280219?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау