ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ МЕН САЛАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Жиында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың барысы сараланды.
Мәжілістің күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің атқарған жұмыстары туралы баяндама тыңдалды. Бөлім басшысы Ерлан Райымқұлов есепті кезеңде жүзеге асырылған жұмыстар және алдағы міндеттер жөнінде баяндады.
Сонымен қатар, жиында ауданның әр саласы бойынша негізгі көрсеткіштердің орындалу барысы қаралды. Әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жұмыстардың нәтижесі сараланып, белгіленген жоспарлардың уақытылы әрі сапалы орындалуына баса назар аударылды.
Аудан әкімі жауапты сала басшыларына атқарылып жатқан жұмыстарды жүйелі түрде бақылауда ұстап, белгіленген міндеттерді сапалы орындау қажеттігін атап өтті. Өздеріне жүктелген міндеттерге салғырттық танытпау керектігін ескертіп, жұмысты нақты нәтижеге бағыттауды тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1280126?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version