«Мерейлі отбасы» байқауының І орын иегерлерін құттықтаймыз!
Наурызбай ауданында өткен «Мерейлі отбасы» байқауында І орынға ие болған Дүйсембаевтар отбасына арнайы барып, жеңістерімен құттықтадық.
Дүйсембаевтар әулеті – 55 жылдан астам уақыттан бері берекелі ғұмыр кешіп келе жатқан өнегелі отбасы. Олар 6 бала тәрбиелеп, бүгінде 18 немере мен 4 шөберенің қызығын көріп отыр.
Отағасы Дүйсембаев Балапан Жақыпұлы құрылыс саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, басшылық қызметтер атқарған, Ішкі істер органдарының ардагері әрі бірқатар марапаттардың иегері.
Ал отбасы анасы Ермұханбетова Керімбала Айтбайқызы – медицина саласында көп жыл еңбек еткен білікті дәрігер, денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосқан маман. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Дүйсембаевтар отбасы – өзара сыйластықты, татулықты, еңбексүйгіштікті және ұрпақ тәрбиесін берік ұстанған өнегелі шаңырақ.
Осындай отбасылардың өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі, ал отбасы құндылықтарын дәріптеуі қоғам үшін маңызды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-nauryzbai/press/news/details/1280814?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау