📚 САРЫӨЗЕКТЕ ЖАҢА ЗАМАНАУИ КІТАПХАНА АШЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында тұрғындар үшін жаңа мәдени-ағартушылық нысан есігін айқара ашты. Жетісу облысында алғаш рет кітапханаға арнайы арналған екі қабатты ғимарат бой көтеріп, пайдалануға берілді.

Кітапхананың ашылу салтанатына Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев пен Жетісу облыстық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Римма Салыкова қатысты.

Жаңа нысан Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту және заманауи кітапхана кеңістіктерін қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларын өңірде жүзеге асырудың нақты нәтижелерінің бірі.

👏🏼 Салтанатты шара барысында облыс әкімі жаңа кітапхананың ауыл тұрғындары үшін маңызды мәдени әрі білім беру орталығына айналатынын атап өтті. Оның айтуынша, кітапхана тек әдебиет оқитын орын емес, сонымен қатар цифрлық технологияларды меңгеруге, білім көкжиегін кеңейтуге және түрлі қоғамдық-мәдени іс-шараларға қатысуға мүмкіндік беретін заманауи кеңістік болуы тиіс.

➤ Жаңа кітапхананың жалпы аумағы – 1620 шаршы метр. Мұнда 53 мыңнан астам кітап қоры жинақталған. Тұрақты оқырмандар саны 5570 адамды құрайды.

Ғимараттың әр қабаты келушілердің жас ерекшелігі мен қажеттілігіне қарай жабдықталған.

📖 Бірінші қабатта негізгі оқу залдарымен қатар цифрландыру кабинеті, мультимедиа залы, E-gov бұрышы және Кербұлақ ауданының тарихы мен сирек басылымдары сақталған 30 орындық өлкетану залы орналасқан.

💻 Екінші қабатта балалар бөлімі, IT-зал, 56 орындық оқу залы, «Балауса» оқу кеңістігі, коворкинг орталығы және акт залы жұмыс істейді.

✨ Облыс әкімі кітапхана қорын балаларға арналған жаңа әдебиеттермен толықтыруды және IT-залда халықаралық электронды кітапханаларды тиімді пайдалануға үйрететін мамандар тартуды тапсырды.

Бұған дейін бірнеше ғимаратта орналасқан кітапхана енді оқырмандарға барлық қажетті жағдай жасалған жеке заманауи нысанда қызмет көрсетеді.

🔹 Бүгінде Жетісу облысында 150 кітапхана жұмыс істейді. Олардың жанында 128 клуб пен үйірме, сондай-ақ 29 коворкинг орталығы бар. Өңір құрылғаннан бері облыстағы кітапханалардың жалпы кітап қоры 2,8 миллионнан асты.

📚 Жаңа кітапхана Сарыөзек тұрғындарының білімін толықтырып, балалар мен жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыратын, өңірдің рухани-мәдени дамуына үлес қосатын маңызды орталық болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1280966?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version