Жаз мезгілі де аяқталуға жақын, күзгі салқындар, одан кейін қысқы аяздар да таяп келеді. Сондықтан пешіңізді жылыту маусымына дайындайтын уақыт келді. Себебі жарамды әрі дұрыс жұмыс істейтін пеш — кез келген қолайсыз ауа райындағы сіздің қауіпсіздігіңіз. Пешті міндетті түрде әктеп, сылап, түтін шығатын арналар жүйесін күйеден және басқа да қалдықтардан тазалау қажет. Осы үш талаптың орындалуы кез келген ауа райында мұржаның жақсы тартуын қамтамасыз етіп, сізді және жақындарыңызды улы көміртек тотығымен (иіс газымен) уланудан қорғайды. Сондай-ақ пештерді жөндеу және орнату кезінде жанғыш құрылымдарға дейінгі өртке қарсы арақашықтықтар мен бөлгіш құрылымдардың талаптарын сақтау қажет. Пештерді тек жанбайтын негізге орнатып, оның алдына арнайы жанбайтын төсем (предтопочный лист) қою керек. Пешті жағу үшін және от жағу кезінде тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдалануға немесе оларды пештің маңында сақтауға болмайды. Жоғарыда аталған талаптарды сақтамау — қыс мезгілінде орын алатын көптеген өрттердің негізгі себептерінің бірі. Мұндай өрттер сізді, жақындарыңызды, көршілеріңізді және басқа да тұрғындарды қақаған қыс мезгілінде баспанасыз қалдыруы мүмкін.
Құрметті азаматтар! Сіздің қысқы кезеңдегі қауіпсіздігіңіз — пешпен жылыту жүйесінің дұрыс әрі жарамды жұмыс істеуіне байланысты!
Бесқарағай ауданының ТЖБ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/1281023?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау