Алматы қаласында отбасылық құндылықтарды нығайтуға, отбасы институтын дәріптеуге және өскелең ұрпақты өнегелі, берекелі отбасылардың үлгісінде тәрбиелеуге бағытталған «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының қалалық кезеңі өтті.
Байқауда Алмалы ауданының намысын өзара сыйластық пен татулықты, еңбексүйгіштік пен отбасылық тәрбиені жоғары бағалайтын өнегелі отбасы — Бақтияровтар әулеті қорғады.
Конкурстық комиссияның шешімімен Бақтияровтар отбасы Алмалы ауданының атынан «Мерейлі отбасы – 2026» атағына ие болды. Қалалық марапаттау рәсімі барысында отбасыға арнайы сыйлық табысталды.
Салтанатты шара отбасы дәстүрлерінің, өзара қолдаудың және ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын өз үлгісімен көрсетіп жүрген отбасыларды ұлықтауға арналды. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Бақтияровтар отбасын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, бірлік пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық, жылулық пен бақыт тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-almaly/press/news/details/1281492?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау