Алматы облыстық сотында Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі өкілдерінің өңір судьяларымен және Сот әкімшілігінің аумақтық департаментінің қызметкерлерімен кезекті көшпелі кездесуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кездесу барысында судьялар корпусын қалыптастыру, конкурстық рәсімдерді жетілдіру және кадр резервін одан әрі дамыту мәселелеріне негізгі назар аударылды.

Кеңес өкілдері қатысушыларды оның қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу тәртібі мен кандидаттарға қойылатын талаптарды түсіндірді.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Салтанат Жүнүсбекова қолданыстағы конкурстық іріктеу тәртібі бірнеше кезеңнен тұратынын, бұл кандидаттардың кәсіби даярлығын жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Конкурстық рәсімнің көп кезеңділігі кандидаттың білім деңгейін, кәсіби даярлығын және заңнаманы практикада қолдану қабілетін әр қырынан бағалауға мүмкіндік береді», – деді Салтанат Жүнүсбекова.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ерлан Айтжанов Кеңестің қызметіне, судьялардың бос лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу ерекшеліктеріне және кадр резервін қалыптастыру тәсілдеріне жан-жақты тоқталды.

Конкурстық рәсімдерден өтудің практикалық мәселелерін Кеңес Аппараты басшысының орынбасары Лаура Құрмантаева түсіндірді. Атап айтқанда, қатысушыларға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары және іріктеудің жекелеген кезеңдерінен өту тәртібі туралы ақпарат берілді.

Көшпелі кездесу аясында азаматтарды жеке қабылдау да өткізілді. Қабылдауға келген азаматтарға біліктілік емтиханынан өту және судьялардың бос лауазымдарына орналасу конкурстарына қатысу мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.

Кездесу соңында пікір алмасу өтіп, оның барысында қатысушылар соттарды кадрлық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылап, қосымша назар аударуды қажет ететін практикалық аспектілерді атап өтті және судьялар корпусын қалыптастыру тетіктерін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Кеңестің көшпелі форматтағы жұмысы судьялар қауымдастығымен жергілікті жерде тікелей өзара іс-қимыл жасауға, кадрлық рәсімдерге қатысты кері байланыс алуға және оларды іске асыру барысында туындайтын практикалық мәселелерді ескеруге мүмкіндік береді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1281149?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version