18-21 тамыз аралығында Алматы облысында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол қозғалысы тәртібін сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде.
Полиция қызметкерлері қоғамдық орындар мен автожолдардағы жағдайды бақылауды күшейтіп, құқық бұзушылықтардың жолын кесуге ерекше назар аударуда.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Полиция азаматтарды Заң мен тәртіп талаптарын сақтауға және қауіпсіздік ережелеріне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1280758?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау