Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Еркеғали Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Вена классикасы мен аргентиналық танго әуені үндескен «Венадан Буэнос-Айреске дейін» концерті өтті.
Көпшілік алдында Вена радиосы симфониялық оркестрінің (ORF Radio-Symphonieorchester Wien) әртісі, қазақстандық скрипкашы Ерасыл Хамит өнер көрсетті. Музыкант камералық оркестрдің сүйемелдеуімен Людвиг ван Бетховеннің скрипка мен оркестрге арналған концертін орындады.
Кеш барысында Ерасыл Хамиттің ата-анасы да оркестр құрамында өнер көрсетті. Бір сахнада бас қосқан отбасы мүшелерінің өнері әулеттегі музыкалық дәстүрді жалғап, ұрпақтар сабақтастығын айшықтады.
«Ата-бабам, соның ішінде атам өмір сүріп, еңбек еткен тарихи Отанымда өнер көрсету – мен үшін ерекше мәртебе. Бұл өлке маған сонысымен жақын. Ал көрерменнің ыстық ықыласы мен жылы қабылдауы маған үлкен шабыт сыйлады», – деді Ерасыл Хамит.
Концерттің екінші бөлімінде Астор Пьяццолланың «Буэнос-Айрестегі мезгілдер» циклі орындалды. Кеште Вена классикасының жауһар туындылармен қатар, аргентиналық танго әуендері де шырқалды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1281490?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау